Әлем бойынша коронавирус пандемиясы аяқталғанымен, Қазақстанда халық арасындағы  бұл аурудың таралуына тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп отырады. Биылғы 8 айда 882 КВИ жағдайы тіркелді, өлім жағдайы болған жоқ. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ауру 1,6 есе төмен. Соңғы мониторинг деректері бойынша Омикрон варианттары айналымда. XFG тізбегінің айналымы басқа Омикрон түрлерімен салыстырғанда халық денсаулығына қосымша тәуекел тудырмайды. Бұл жайында ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Сархат Бейсенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.