Қазақстан жаңа эпидемиологиялық маусымға дайындалуда. 22 тамызда санитарлық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу туралы қаулыға қол қойылды. Құжат инфекциялардың таралуын болдырмауға бағытталған бірқатар шараны қамтиды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова мәлімдеді.