ҚР Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың нәтижелерімен бөлісті. Ағымдағы жылдың 9 айында 6 мыңнан астам есірткі құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде өткізу фактілері бойынша 1,7 мың, аса ірі мөлшерде есірткіні сақтаудың 300 фактісі, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 379 фактісі, контрабанданың 117 фактісі тіркелді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов мәлімдеді.