Сапалы дәндерді уақытылы толтыру егін жинау науқанындағы негізгі шаралардың бірі. Облыстардың жедел деректері бойынша 2026 жылғы егістікке қажетті дән көлемі 2,3 млн тоннаны құрайды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді. Спикердің айтуынша, бүгінде 2 млн тонна немесе қажеттіліктің 91%-ы толтырылды.