Ақмола аймағында өнеркәсіп саласы тұрақты дамып келеді. Өндіріс көлемі 2 трлн теңгені құрады. Облыс машина жасау саласында нық көшбасшы болып отыр: теміржол подшипниктерін өндірудің 100%-ын және арнайы автомобильдер өндірісінің 84%-ын қамтуда. Бұдан бөлек, өңірде еліміздегі астық жинайтын комбайндардың 50%-ы өндіріледі. Облыс құрамында алтын бар руданың жартысынан астамы және Қазақстандағы алтын өндірісінің төрттен бір бөлігін өндіреді. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.