Жыл басынан бері Қазақстанда 29 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы орын алды, соның салдарынан 1 916 адам қаза тауып, 40 мыңнан астам азамат жарақат алды. Құрбандардың жартысын қарапайым ережелерді сақтау арқылы аман алып қалуға болар еді: қауіпсіздік белдігін тағу, жолға мұқият қарау, рөлдегі байсалдылық. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Саргулов мәлімдеді.