Ақтөбе өңірінде көрсетілген мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласында оң динамика сақталуда, осы жылдың 10 айында 353 млрд теңгеге жуық өнім өндірілді. Мал шаруашылығы саласында төрт түлік малдың басы өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға өсті. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін енгізу аясында «АЙС» сүт-тауар фермасына 2,5%-бен 7,5 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді. Бүгінде 800 бас ірі қара малы әкелініп, бірінші кезеңі іске қосылды. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.