Өңірдің өркендеуінде халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету шешуші рөл атқарады. Биыл Ақтөбе аймағындағы 4 ауыл сумен қамтамасыз етілді. Жыл соңына дейін 2 мыңға жуық тұрғыны бар 6 елді мекенді орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жұмыстары аяқталады. Сондай-ақ биыл 9 мыңға жуық тұрғыны бар 22 елді мекен газбен қамтамасыз етілді, жыл соңына дейін тағы 6 ауылға көгілдір отын жеткізілді. Бұл жайында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.