Жыл сайын Қазақстанда ЖРВИ-мен 3-4 млн адам, ал тұмаумен 2 мың адам ауырады. Ағымдағы эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері елде ЖРВИ-дің 1,5 млн жағдайы тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 20%-ға төмен. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді.