Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек дауларының алдын алуға және реттеуге ерекше назар аударады. Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті жүйелі негізде кәсіпорындардағы ахуалға еңбек тәуекелдерінің картасы арқылы мониторинг жүргізеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Мейрамбек Ахметов мәлімдеді.