Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті жұмысының негізгі бағыттарының бірі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету болып табылады. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында комитет басшысы Мейрамбек Ахметов кәсіпорындарда жазатайым оқиғаларды тіркеу кезінде қандай шаралар қабылданатынын егжей-тегжейлі түсіндіріп, зардап шеккендердің саны көп саланы белгілеп, кәсіптік тәуекелдерді бағалау тәртібі туралы айтып берді.