Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті құзыретінің бірі – тұтынушылардың шағымдарына талдау жүргізу. Егер 2020 жылы уәкілетті органға 21 мың өтініш түссе, 2024 жылы олардың саны 62 мыңға жетті. Ағымдағы жылдың 10 айында 68 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Болат Таңабергенов ОКҚ алаңында хабарлады.