Қазақстанда электронды сауданы одан әрі дамыту үшін 2027 жылға дейінгі электронды сауданы дамыту жоспары іске асырылып жатыр. Саланы дамыту үшін ведомствоға бағынысты Kaztrade компаниясымен бірлесіп, бүкіл республика кәсіпкерлеріне электронды сауданы дамыту мәселелері бойынша онлайн-семинарлар өткізіліп жатыр. Сонымен қатар электронды сауда саласындағы кәсіби стандарттар да өзектендірілуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Сауда және интеграция министрлігі Ішкі сауданы дамыту департаментінің директоры Ансар Оразалиев мәлімдеді.