Цифрлық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстарда оң нәтиже бар. Интернетпен қамту деңгейі 99,7%-ға жетіп, 14 шалғай орналасқан елді мекен интернетке қосылды. 155 5G базалық станция орнатылып, 43 ауылға талшықты-оптикалық интернет желісі тартылуда. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.