Қаржы министрлігі жаңа Салық кодексі аясында салықтық әкімшілендіру тәсілдерін жаңғыртты. Көзделген мақсат – бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайту, фискалдық бақылаудың сапасын жақсарту және салықтық процестерді барынша цифрландыру. Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ОКҚ баспасөз мәслихатында айтты.