Қаржы министрлігі салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіру тәсілдерін өзгертті. Бұған дейін ол 6 АЕК немесе шамамен 24 мың теңге болған жағдайда өндірілген. Сол себепті кейде азамат зейнетақы жарнасының 100 теңгесін төлеуді ұмытып кетсе де, оның шоттары бұғатталатын. Бұл 200 мыңнан астам салық төлеушінің қызметіне кері әсерін тигізді. Енді берешек сомасына қарай тәсілдер қайта қаралды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.