Спикердің айтуынша, 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған шартындағы берешекті реттеу рәсімін жүргізу жөніндегі талап алынып тасталды. Бұрын мұндай құжаттың болуы міндетті еді. Енді борышкер соттан тыс банкроттық рәсімін себебін көрсетпей-ақ тоқтата алады, сондай-ақ кредиттік бюро деректерінде көрсетілмеген қарыздарды қоса алғанда, қаржы ұйымдары алдындағы барлық міндеттемені тоқтату мүмкіндігі бар.

«Оған қоса, қазір Парламентте ломбардтарды соттан тыс банкроттық рәсімінің кредиторлары қатарынан шығару, сондай-ақ 1600 АЕК-ке жетпейтін қарызы бар азаматтар үшін банкроттық рәсім мерзімдерін қысқарту жөніндегі түзетулер қаралып жатыр. Аталған нормалар әзірленуде», – деп түсіндірді вице-министр.

Ол осы шаралар азаматтардың шамадан тыс қарыз жүктемесін төмендетуге бағытталғанын атап өтті.