Мемлекет басшысының өндірістің толық циклын құру жөніндегі тапсырмасы аясында 2024 жылдан бері етті мал шаруашылығында австралиялық тәжірибені енгізу бойынша 5 жоба іске асып жатыр. Олардың арасында жайылымдарды ротациялық пайдалану, малды жем-шөппен қамтамасыз ету, соңғы бордақылау кезеңінде арнайы құрама жемдерді беру, сондай-ақ құрама жем және қайта өңдеу кәсіпорындарын дамыту жобалары бар. Бұл шаралар өндіріс шығынын төмендетуге және 50 мың тоннаға дейін ет экспорттауға мүмкіндік береді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мәлімдеді.