Батыс Қазақстан облысында іске қосылған «Қаладан ауылға» жобасы қысқа мерзім ішінде ауыл тұрғындары мен қоныс аударушылар тарапынан кең қолдау тапты. Жоба аясында қала аймақтарынан мыңға жуық тұрғыны бар 195 отбасы ауылға көшіп барды. Оның ішінде 600-і - бала. Қоныс аударған отбасылардың барлығы да баспанамен қамтамасыз етілді. Ауылдағы халық санын тұрақтандыру және экономикалық белсенділікті арттыруға бағытталған бағдарламаның нақты нәтижелері көріне бастады. Бұл жайлы өңір әкімі Нариман Төреғалиев ОКҚ алаңында хабарлады.