2021 жылдан бері балық шаруашылығы саласындағы субсидия көлемі 7 есе артып, 2025 жылы 3,5 млрд теңгеге жетті. Балық өсіру шаруашылықтарының саны 4 есеге артып, 650-ге жетті. Өндірілетін өнім көлемі бойынша алдыңғы қатардағы өңірлер: Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстары. 2025 жылдың 10 айында шамамен 12,2 мың тонна балық өсірілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов хабарлады.