ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік аудит процестерін цифрландыруды жалғастыруда. Негізгі жобалардың бірі – мемлекеттік органдардың қаржылық есептілігін камералдық форматқа көшіруге мүмкіндік беретін Бухгалтерлік операциялардың бірыңғай деректер қоймасын құру. Бухгалтерлік операцияларға қашықтан қол жеткізу арқылы қаржылық есептілік қалыптаспай тұрып, 1 млрд теңгеден астам сомаға жол берілмек болған бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік туды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаров ОКҚ баспасөз мәслихатында хабарлады.