Қазақстанның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 103 мың педагог қызмет етеді. 2019 жылдан бастап балабақшаларда жұмыс жасайтын педагогтердің жалақысы 130%-ға артты. Сондай-ақ 41 мыңға жуық педагогке біліктілік санаты үшін лауазымдық жалақысына 30-50% аралығында қосымша үстемеақы төленеді. Соңғы үш жылда жаңа аттестаттау жүйесі бойынша біліктілік санаты бар педагогтер үлесі 43%-дан 47%-ға өсті. Бұл жайында ҚРоқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова ОКҚ алаңында айтты.