«Қорғас» АЭА аумағында 32 жоба іске асырылып, 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Қазір тағы 32 жоба жүзеге асып жатыр. Олардың ішінде ENVISION жел қондырғылары мен энергия сақтау жүйелері зауыты, MacCoffee кофелік және шайлық сусындар зауыты, «SkyHansa» халықаралық әуежайы сынды ірі жобалар бар. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.