Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібін дамытуға басымдық бере отырып, жаңа инвестициялық циклді іске қосуды тапсырған болатын. Қазіргі таңда Алматыдағы Индустриялық аймақ пен «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында (АЭА) орналасуға инвесторлар тарапынан сұраныс қолда бар ұсыныстан асып отыр. Бұл туралы ОҚҚ көшпелі баспасөз конференциясында қала әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.