2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштің өсімі қамтамасыз етілді. Жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн 100 млрд теңгені құрады. Жыл қорытындысы бойынша 3 трлн 700 млрд теңгеге жеткізіп, өсім 6,5% құрайды. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.