Жыл басынан бері елорданың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері оң динамиканы көрсетіп отыр. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 118,6%-ды құрайды. Инвестициялар 2,1 трлн теңгеге жетті. Өсім 23,6%, оның ішінде 66%-ы – жеке инвестициялар. ШОБ қала экономикасының негізі болып табылады. Ол жұмыс орындарының 70%-ын қамтамасыз етеді. Биыл қалада 73 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Жұмыссыздық деңгейі 4,3%-ға тең. 3,9 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Жыл соңына дейін 5 млн шаршы метр тұрғын үй іске қосылады деген жоспар бар. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек ОКҚ алаңында өткен баспаөз конференциясында хабарлады.