Қостанай облысында агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 207 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есе көп. Соның арқасында биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 924 млрд теңгені құрады, ал, жыл қорытындысы бойынша 1 трлн теңгеден асады. 7 млн тонна астық жиналды. Бұл жайлы өңір әкімі Құмар Ақсақалов ОКҚ алаңында айтты.