Ғарыштық бақылау негізінде анықталған қоқыс үйінділері уақытылы жойылады. Әкімдіктер аумақтарды жинау бойынша шаралар қабылдайды, алайда бұл жұмыс барлық өңірде бірдей тиімді жүргізілмейді. Өкілеттіктерін тиісінше орындамағаны үшін 2025 жылы жергілікті атқарушы органдардың 165 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Кожиков ОКҚ брифингінде осылай деді.