Қалдықтарды дұрыс басқару – өңіріміздің экологиясы мен халықтың өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды мәселе. Экономиканың өсуі, құрылыс көлемінің артуы және тұтынудың өзгеруі барлық санаттағы қалдықтардың көбеюіне алып келді. Қалдықтарды басқару саласы өзара байланысты экологиялық, экономикалық және институционалдық сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Осы орайда, саладағы проблемалық мәселелерді ескере отырып, Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес жинақталған проблемаларды жүйелі шешуге бағытталған Қалдықтардың барлық түрлерін басқару жөніндегі тұжырымдама әзірленді. Тұжырымдама заңнамаға сәйкес қоғамдық ұйымдармен, қауымдастықтармен, мемлекеттік органдармен келісуден өтті, яғни жан-жақты қаралды. Бұл туралы ҚР ЭТРМ Қалдықтарды басқару департаментінің директоры Руслан Тукенов ОКҚ брифингінде хабарлады.