Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды және қайта өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау жөніндегі ЕсoQolday бағдарламасы 2024 жылы қайта іске қосылды. Бағдарламасы аясында қаптаманың/автокомпоненттердің қалдықтарын жинау және қайта өңдеу бойынша кәсіпорындармен 77 шарт жасалды. «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов ОКҚ брифингінде осылай деп мәлімдеді.