Орнықты даму мақсаттарының тарихы 2015 жылғы 25 қыркүйектен бастау алады. Дәл сол күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорк қаласындағы штаб-пәтерінде әлем көшбасшылары 2030 жылға дейінгі Орнықты даму саласындағы Күн тәртібін қабылдады. Орнықты даму саласындағы Күн тәртібі ауқымды әрі ұзақ мерзімді өзгерістерге бағдар береді. Ол әлеуметтік, экономикалық және экологиялық дамудың негізгі қырларын қамтитын Орнықты даму мақсаттарының 17 бағытын біріктіреді. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.