Еліміздегі су инфрақұрылымының басым бөлігі кеңестік кезеңде салынған және жаңартылмаған. Бүгінгі таңда олар тозып, қалпына келтіруді қажет етеді. Соңғы жылдары ескірген гидротехникалық құрылыстарды кезең-кезеңімен реконструкциялау, суару жүйелерін жақсарту және жаңа су қоймаларын салу бойынша белсенді жұмыстар жүріп жатыр. Бұл су шығынын азайтуға және бірінші кезекте ауыл шаруашылығында өнімділікті арттыруға ықпал етеді, өйткені жыл сайынғы су тұтынудың 60%-дан астамы осы саланың қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсалады. ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев ОКҚ брифингінде осылай деді.