Су шаруашылығы комитеті «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру, 2-кезең» жобасын іске асырумен айналысады. Жобаның мақсаты – Сырдария, Талас, Шу және Іле трансшекаралық өзендерінің бассейндерінде республикалық меншіктегі тозған ирригациялық және дренаждық жүйелерді реконструкциялау арқылы суармалы жерлердің сумен қамтамасыз етілуін және мелиорациялық жай-күйін жақсарту. Бұл туралы ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев ОКҚ алаңында хабарлады.