Трансшекаралық су ресурстарын қорғау және оларды ұтымды пайдалану мәселесі Су ресурстары және ирригация министрлігінің қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі және елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан стратегиялық маңызға ие. Қазақстанда 8 су шаруашылығы бассейні бар, олардың жетеуі көршілес мемлекеттермен шектеседі. Жалпы алғанда, осы 7 су шаруашылығы бассейнінде су ресурстары Қытай Халық Республикасымен, Ресей Федерациясымен, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттерімен бірлесіп қалыптасатын және пайдаланылатын 58 трансшекаралық өзен бар. Трансшекаралық су ресурстарын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзара іс-қимыл қолданыстағы үкіметаралық келісімдер негізінде жүзеге асырылады. Бұл туралы ҚР су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.