Цифрлық мемлекетке көшу кезінде цифрландыру және ЖИ-ді енгізу үшін жоғары білікті кадрлар қажет. Осы мәселені шешу үшін экономиканың трансформациясы кадрларды жедел даярлауды талап ететін салаларға: инженерия, ИТ және жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша әлемнің жетекші университеттері тартылып жатыр. Бұл жайлы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова ОКҚ алаңында хабарлады.