Білім беру саласында жүргізіліп жатқан барлық реформа Мемлекет басшысы айқындаған берік құндылықтар негізіне сүйеніп, жоғары оқу орындарының қызметінде іс жүзінде көрініс тауып жатыр. Бүгінде Қазақстанның жоғары оқу орындары тек кадр даярлау орталығы ғана емес, сонымен қатар жастардың азаматтық жетілуін, жауапкершілігін және ұлттық сана-сезімін қалыптастыру кеңістігі болып табылады. Жоғары білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысы заманауи ұлттық идеология мен қоғамның базалық құндылықтарына сай жүйелі түрде құрылған. ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова ОКҚ брифингінде осылай деп мәлімдеді.