Бүгінгі таңда еліміздегі мемлекеттік сатып алу рәсімдері толығымен электронды форматқа көшірілген. Арнайы веб-порталда 18 мыңға жуық тапсырыс беруші, 120 мың өнім беруші тіркелген. 2025 жылы мемлекеттік сатып алулардың саны 1 млн-ға жетіп, 9,6 трлн теңгені құрады. Жасалған 1 644 мың шарттың құны 8,1 трлн теңгеге тең. Оның ішінде отандық өнім берушілермен 456 млрд теңгеге 167 мың шарт жасалған. Бұл туралы ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил ОКҚ брифингінде хабарлады.