Елімізде отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары қабылданды. Мәселен, аумақтарда тіркелген компанияларға 2% үстемақы беру көзделген. Рейтингтік-балдық жүйе бойынша былтырдан бері құрылыс, жобалау және техникалық жобалау жұмыстары сатып алынады. Жеңімпаз 5 күнде анықталады. Конкурстық комиссия болмайды, сондықтан жеңімпаздар белгілі бір талаптарға сай іріктеледі. ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеилдің айтуынша, осы талаптар ішінде әлеуетті өнім берушінің төлеген салықтары, оның аумақта тіркелген туралы ақпарат, жыл сайынға аудиттік қорытындылары бар.