Президенттің ауылдық аумақтардың тұрақтылығын, инвестиция тартуды және дамуын қамтамасыз ететін фермерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі тапсырмасына сәйкес жұмыс тобы құрылды. Сондай-ақ «Жер пайдалану құқығын реттеу жөніндегі арнайы комиссияның жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарына» маңызды өзгерістер енгізілді. Бұл туралы ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов ОКҚ брифингінде хабарлады.