2025 жылы көптеген инфекциялық ауру бойынша жағдай тұрақты болды. Жүргізілген профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың нәтижесінде 19 инфекциялық ауру, оның ішінде оба, дифтерия, полиомиелит, тырысқақ, іш сүзегі, паратиф жағдайлары тіркелген жоқ. 37 инфекция, атап айтқанда, көкжөтел 7,8 есе, қызылша 6,8 есе, А вирустық гепатиті 2,5 есе, коронавирус инфекциясы 2,2 есе, жіті ішек инфекциясы 6%-ға төмендеді. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова ОКҚ брифингінде хабарлады.