ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова ОКҚ брифингінде COVID-19 коронавирус инфекциясы бойынша жағдай туралы баяндады. Оның хабарлауынша, SARS-CoV-2 нұсқаларының айналымына жүргізілген соңғы мониторинг деректері бойынша елімізде Омикрон 3 кіші түрінің айналымы анықталды: XFG.3 – 75%, XFG.3.1 және XFG.6 әрқайсысы 12,5% болып белгіленді. Омикронның аталған кіші түрінің айналымы халық денсаулығына қауіп тудырмайды.