Өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Нысаналы жастағы балаларды жоспарлы иммундау жүргізілуде. 2025 жылы қызылшаға қарсы 1 жастағы 323,7 мыңнан астам бала және 6 жастағы 348,3 мыңнан астам бала егілді. Иммундау аясында 18 жасқа дейінгі 214 мыңнан астам балаға вакцина салынды. ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова ОКҚ брифингінде осылай деп мәлімдеді.
Өңірлерде эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды
Тегтер:
денсаулық сақтау