Осы сағатта жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс беру процесі қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Қазіргі таңда прокуратура органдарына референдумның өтуіне қатысты өтініштер түскен жоқ. Сот органдарына да талап-арыздар енгізілмеді. Бүгін заңсыз сауал салу және үгіт жүргізу үшін ешкім жауапқа тартылған жоқ. Бұл жайында ҚР Бас прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының басшысы Бекжан Қараманов «Референдум – 2026» онлайн марафоны аясында ОКҚ алаңында өтіп жатқан брифингте айтты.