ҚР ТЖМ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, елімізде су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша кешенді шаралар қабылдауда. Инженерлік жұмыстардың өңірлік жоспарлары аясында су тасқынына қарсы 821 іс-шараның 760-ы іске асырылды. Әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарларымен және даму жоспарларымен 258 іс-шараның 201-і іске асырылды. Өңірлерде 831 шақырым қорғаныш бөгендері мен біліктері тұрғызылды, 1 128 шақырым дренаж жүйелері, каналдар мен арықтар жөнделді және салынды, автомобиль және теміржол қатынастарында 934 су өткізу құрылыстары орнатылды және ауыстырылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде хабарлады.