Оның айтуынша, фиджитал дисциплиналарда спортшылар алдымен виртуалды кеңістікте сынға түсіп, кейін жарысты нақты спорт алаңында жалғастырады.
«Жарыстар сегіз дисциплина бойынша өтеді. Фиджитал дисциплиналарда алдын ала виртуалды түрде сынға түсіп, кейін спорт алаңында жаолғастырады. Мәселен, фиджитал футболда командалар алдымен виртуалды футбол Playstation-мен ойнап, одан кейін футбол алаңына шығады», – деді вице-министр.
Бүгінде фиджитал спорт әлемнің 115-тен астам елінде дамып келеді. Сондықтан Астанада осындай ауқымды турнирдің өтуі Қазақстанның халықаралық спорт кеңістігіндегі орнын нығайтып, еліміздің заманауи спорттық трендтерге ашық екенін көрсетеді.