2019 жылдың 13 наурызында Орталық Коммуникациялар Қызметі алаңында «Болашақ» Корпоративтік Қорымен «Өзіңнен баста» жобасы аясында қазақ тіліне дубляждалған Disney компаниясының 5 жаңа фильмінің тұсаукесері өтті.
Тұсаукесердің ашылуына «Болашақ» КҚ директоры Динара Чайжунусова, BI Group холдингының PR директоры Гаухар Керимова, Меломан компаниясының ұлттық жобалар бөлімінің басқарушысы Низами Мамедов және дубляжда басты рөлдерді сомдаған актерлер Нұрлан Әлімжанов пен Даурен Сергазин қатысты.
2011 жылдан бері «Болашақ» КҚ мен Меломан компаниясы 27 голливудтық кинокартинаның қазақ тіліндегі дубляжын жүзеге асырды. Қордың директоры Динара Чайжунусованың айтуынша, осы жылы кішкентай көрермендер назарына қазақ тіліне аударылған 5 фильмнің тұсаукесері дайындалуда: 28 наурызда - «Дамбо», 12 мамырда - «Аладдин», 20 маусымда - «Ойыншықтар хикаясы 4 / История игрушек 4», 19 шілдеде - «Арыстан патша / Король Лев» және 28 қарашада - «Мұзды өлке 2 / Холодное сердце 2».
«Біздің жобамыздың негізгі мақсаты – әлемдік студияның отбасымен көруге арналған қазақ тіліндегі сапалы контентін шығару және оны қолжетімді ету. Және аталған мақсатты тиімді жүзеге асыру аясында отандық кинематография әртістерімен белсенді қарым-қатынас орнатылып, алғашқы кастингтерге 10-нан астам танымал актер сынақтан өтуге шақыртылды. Басты рөлдерді сомдайтын актерлер Дисней компаниясымен бекітетілетіндіктен, біздің отандық актерлер үшін аталған жобаға қатысу кәсіби өсудің нышаны болып табылады. Осы орайда алдағы кастингтерде де Қазақстанның танымал тұлғалары жобаға қолдау көрсететіп, бірлескен жұмыстың арқасында кинотетарлар залдары қазақстандық отбасыларға толы болатындығына сенеміз. Әлемдік студиялардың контентіне тең қолжеткізу - бұл қазақ тілінің болашағы, тілге деген сүйіспеншілік және ұлттың ұқсастығы», - деп қорытындылады «Болашақ» КҚ директоры Динара Чайжунусова.
«Актерлық жолында мені біздің кинотеатрларда қазақ тіліндегі фильмдердің қашан көрсетілетіндігі қызықтыратын. Және менің бұл ойыммен қазақ театры мен кинематографиясының барша актер қауымы келіседі деп ойлаймын. Бұл жобаның әлеуметтік идеясы көңіл көншітеді және аталған бастама арқылы қазақ тілін насихаттауға өз үлесімді қоса алатындығыма ризашылығымды білдіремін», - дейді Disney фильмінің басты рөлін дубляждаушы актері Дәурен Серғазин.
Сонымен қатар 2019 жылғы кинопремьералардың бірінде басты рөлді дубляждаушы актер Нұрлан Әлімжанов: «Дубляж жасау – күрделі іс. Өз кейіпкеріңді түсіну, оның дауысын салу және бет қимылдарын келтіру үлкен еңбекті талап етеді және оның нәтіижесі өз жемісін әкеледі. Бұл жобадағы біздің жеңісіміз – бұл балаларымыздың әлемдік деңгейдегі киностудиялардың қазақ тіліндегі сапалы контентіне қол жеткізе алатындығы. Осы тұрғыда «Болашақ» КҚ біз бен Голливуд арасында көпір болу арқылы үлкен жұмыстар жүргізуде», - деп өз ойын білдірді.
Жобаны ұйымдастырушылар қазақ тілінде дубляждалған туындыларды халық кеңінен таныту мақсатында ivi.ru онлайн-кинотеатрымен бірлесіп, ауқымды қайырымдылық кинофестивалін өткізуді жоспарлап отыр. Жаз мезгілінің басында Қормен дубляждалған фильмдер бірнеше күн Алматы тұрғындары үшін ашық аспан астында көрсетілетін болады.
2019 жылдың көктем мезгілі режиссер Тим Бертонмен фантастика стилінде түсірілген «Дамбо» отбасылық кинофильмінен басталады. 1941 жылғы танымал мультфильмнің ремейкі бізге үлкен құлағы бар кішкентай пілдің, жануарлардың қорлығы мен мазағынан шаршап, ұшуға үйренген оқиғасын баяндайды. Фильм 2019 жылдың 28 наурызында дубляж демеушісі - BI Group қолдауымен өтеді.
«Жобаға қолдау көрсету арқылы, біз тек ана тілімізді дамытуға инвестиция жасамаймыз. Белсенді әлеуметтік және қайырымдылық іс-шараларын жүргізетін біздің компания, бірінші кезекте, қазақстандық балалардың жоғары сапалы фильмдерге қол жеткізу құқығын теңестіруге ұмтылады. Сонымен, бұл балалар үшін жастармен бір «тілде» және жас ұрпаққа ортақ тақырыптарда қарым-қатынас жасау арқылы белсенді әлеуметтенудің мүмкіндігі», - деді BI Group компаниясының PR директоры Гаухар Керимова.
2019 жылдың тұсаукесерлері туралы қызықты мәліметтер
«Дамбо» ● «Дамбо» мультфильмінің шығарылғанына 78 жыл толғанда прокатқа шығады. ● «Дамбо» фильмі «Дисней» студиясының анимациялық бейнесінің бастапқы сюжеті бар және ешқандай адаптацияға ұшырамаған бірінші кинофильм. ● «Дамбо» - қазақ тіліне дубляждалған «Болашақ» КҚ-ның 28-ші фильмі. ● Дубляж кастингіне Астана мен Алматыдан 30-дан астам актер қатысты. ● «Аладдин» ● «Аладдин» мультфильмінде Аладдин кейіпкерін бейнелегенде Том Круз бен Calvin Klein модельдерін үлгі ретінде алған. ● «Аладдин» мультфильмі 1992 жылы «Үздік ән» және «Үздік саундтрек» номинацияларында екі «Оскарды» жеңіп алған. ● Ханшайым Жасмин кейіпкері Одри Хепберннің «Рим демалыстары» рөліне негізделген, онда ол бір күн қарапайым қыз болып көрген ханшайым рөлін ойнады. ● Кастингке Астана мен Алматы қаласынан 50-ден астам адам қатысты ● Қазақ тілінде Уилл Смит, Мена Массуд и Наоми Скотт голливудтық актерлеры сөйлейтін болады. ● «Арыстан Патша» ● Қазақ тілінде Бейонсе, Ноулз-Картер и Чиветел Эджиофор тәрізді голливудтық жұлдыздар сөйлейді («12 жыл құлдықта») ● Кейіпкерлердің есімдері — Симба, Сараби, Рафики және Пумба — ол жайдан ойлап табылған есімдер емес. Олар Шығыс және Орталық Африканың тұрғындары сөйлейтін суахили тілінен алынған, және сәйкесінше арыстан, сағым, дос және ақымақтық дегенді білдіреді ● «Арыстан патша» мультфильмі Элтон Джонның Can You Feel the Love Tonight және Ханс Циммердың музыкасы үшін екі «Оскар» жүлдесіне ие болды, үш «Алтын глобус», үш «Грэмми» жүлделеріне ие болған. ● «Ойыншықтар хикаясы 4» ● Қазақ тілінде Том Хенкс, Тим Аллен и Джоан Кьюсак голливудтық актерлеры сөйлейді ● Американдық кино институты «Ойыншықтар хикаясы» мульфильмінің бірінші бөлімін американдық кино тарихының 99-шы ұлы фильмінің санатына қосқан. ● Мультфильмнің ең басты кейіпкері — ғарыш рейнджеры Базз Лайтердың аты танымал америкалық астронавт Базз Олдринның атымен сәйкес келеді ● «Ойыншықтар хикаясының» әрбір мультфильмінің ұзақтығы оның алдындағы нұсқасынан 11 минутке ұзақ: бірінші бөліктің ұзақтығы - 81 минут, екінші - 92, үшінші - 103 ● «Мұзды өлке 2» ● Қазақ тілінде Кристиан Белл, Стерлинг К.Браун, Идина Мензел және т.б голливудтық актерлер сөйлейтін болады. ● Ганс, Кристофф, Анна және Свен кейіпкерлерінің есімдері «Қар ханшайымы» ертегісінің авторы Ганс Христиан Андерсенның құрметіне берілген. ● Түсірілім тобы суықтың денеге қалай әрекет ететінін білу үшін Джексон-Хол алқабына, Вайоминг штатына арнайы барған. ● Эльзаның өрілген шашында 420 мың шаш бұрымы табылған ● «Мұзды өлке» фильмінің бірінші бөлімі Дисней тарихындағы ең көп таралған анимациялық фильм болып табылады..
Шет елдік фильмдердің дубляжы мемлекеттік тілдің дамуы үшін маңызды әлеуметтік жоба болып табылады. Соңғы 8 жылда «Болашақ» корпоративтік қоры ұйымдастырушы болды. Жобаның ресми серіктесі - «Меломан» компаниясы. Бұл жоба қазақстандық демеушілік компаниялар тарапынан үнемі қолдауда. 2019 жылы барлық 5 премьераның демеушісі «BI Group» құрылыс холдингі болып табылады.
Дубляж туралы ақпарат
2011 жылы «Болашақ» Қауымдастығының құрметті мүшесі, «Болашақ» бағдарламасының төрағасы Бауыржан Байбектің бастамасымен голливудтық фильмдерді қазақ тіліне аудару бойынша жоба жүзеге асырылуда. «Өзіңнен баста» жобасының арқасында қазақ тілі түркі әлемінің екінші тіліне, Sony Pictures 7-ші тіліне, Уолт Диснейдің 39-шы тіліне айналды және DVD, Blu-Ray және iTunes-де көруге болатын фильмдерінің 7-ші болып голливудтың негізгі тілдер қатарына енді. Серіктестіктің аясында «Болашақ» КҚ-ның барлық дубляждалған фильмдері ТМД-дағы ең ірі онлайн кинотеатр ivi.ru сайтында қол жетімді. Жоба арқасында қазіргі таңда Қазақстанда дубляж бойынша Алматыда «Cinematone» және Астанада «Арай Медиа Груп» атты екі лицензиялық студия ашылды. Диснейдің студия стандарттарына сәйкес фильмдерді дубляждау бойынша 200-ге жуық шығармашылық және техникалық мамандард оқытылды, 100-ден астам қазақстандық актерлер Дисней студиясының дауыс базасында. Жоба Елбасының жоғары бағасына ие болды, «Рухани Жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыруға практикалық үлес қосып, халықаралық аренада қазақ тілінің имиджін насихаттауға ықпал етеді.
«Болашақ» корпоративтік қорының баспасөз қызметі Телефон: +7 (7172) 500618, +77020001610 E-mail: pr@bolashak.kz