2019 жылдың 1 сәуірінде Орталық Коммуникациялар Қызметі алаңында «Елордалық iKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығының Мәскеудегі «Хрусталь гарнитура» халықаралық байқаудағы жеңісіне арналған баспасөз-конференциясы өтті.
Баспасөз-конференциясына Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қалалық iKOMEK мониторинг және жедел әрекет ету орталығы басшысы Жаннат ДҮБІРОВА, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Қалалық iKOMEK мониторинг және жедел әрекет ету орталығының Әкімшілік-қаржылық департамент директоры Ақан НҰРҒОЖИН, Талдау және жобалау кеңсесі департаментінің бас талдаушысы Динара СИСЕНБАЕВА қатысты.
2019 жылдың 20 наурызында CCG Call Center Awards Хрустальная Гарнитура номинациялау бағдарламасы финалистерінің құрметіне мерейтойлық 15-інші гала-кешкі ас пен ғаламат марапаттау салтанаты болып өтті.
«Хрусталь гарнитура» – ТМД елдері арасында байланыс орталықтары мен клиенттерге қызмет көрсету индустриясындағы ең үздіктерді анықтайтын халықаралық бағдарлама. Бұл табысты тәжірибені зерттеу және кәсіби қауымдастықтың жетістікті мойындауына қол жеткізудің Байланыс орталықтары индустриясындағы ең ауқымды қозғалыс. Қатысушылар арасында AVON, Beeline Қырғызстан, DHL Express, DHL Express Kazakhstan, Tele2, АЛЬФА-БАНК, Банк ВТБ, Газпромнефть-Центр, Почта Банк, РОСБАНК, Ростелеком, Сбербанк, Яндекс.Деньги және басқа да компаниялардың байланыс орталықтары болды.
2018/2019 маусым марапаттың бүкіл тарихындағы (2005 ж. бастап) номинанттар санының рекордын орнатты. 360 қатысушы байқауға қатысуға өз өтінімдерін берген.
Дауыс берудің бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелері Ресейден, Беларусьтен, Қазақстан мен Қырғызстаннан келген 252 табысты басшыларды, менеджерлерді, жаттықтырушыларды, сатушылар мен байланыс орталықтары операторларын анықтады, ең үздік командалар, топтар мен ауысымдар, ең табысты жобалар, бағдарламалар, сонымен қатар ең озық технологиялар мен байланыс орталықтары аталып, олар ең танымал әрі беделді Call Center Guru кәсіби қауымдастығы марапатының жеңімпаздары атағы үшін Финалда бақ сынасты.
Финалистер өз эсселерін екі апталық онлайн конференцияларда және байланыс-орталықтары индустриясындағы үздік атағы үшін үміткерлердің алаңдарына бақылау сапарларында қорғап, қазылар алқасының мүшелері финалистерді мұқият зерделеп, қатысушылардың өз эсселерінде мәлімдеген ақпараттарын тексерді.
Қазақстанның елордалық әкімдігінің Қалалық iKOMEK109 мониторинг және жедел әрекет ету орталығы «Хрусталь гарнитура» тұжырымы бойынша «Үздік байланыс орталықтарын құру/біріктіру жобасы» аталымында жеңіп шықты. Үздік байланыс орталықтарын құру/біріктіру жобасы атағы үшін корпоративтік аталымда сонымен қатар Почта Банк, Банк ВТБ компанияларының жетекші байланыс орталықтары және Calltrafic компаниясы тартысты.
«Бұл марапат – бүкіл команданың 2018 жылғы жұмысының нәтижесі.Қатысушылар арасында біз Қазақстанның жалғыз өкілі болдық. Бизнес саласындағы байланыс орталықтары арасында жеңгенімізге екі есе қуаныштымыз. Әдетте бизнес құрылымдарда консалтингке, байланыс орталықтарына арналған технологияларға мемлекеттік байланыс орталықтарымен салыстырғанда ресурс көбірек бөлінеді.
Алайда біздің байланыс орталығымыз толықтай әлемдік үздік тәжірибелер бойынша құрылған. Біз АҚШ-тың, Канаданың, Ұлыбританияның тәжірибесін сіңірдік, ISO және Service Management Model стандарттарын пайдаландық. Хрусталь гарнитура – халықаралық байқау және бүгінде елорданың iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы тек қазақстандық қана емес, сондай-ақ халықаралық абыройға қол жеткізді» - деді Қалалық iKOMEK109 орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.
iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы 2018 жылдың басынан бері жұмыс жасап келеді. Өткен жылы қала тұрғындарынан миллионнан астам өтініш қабылдады. Елордалық әкімдіктің бірыңғай байланыс орталығына тұрғындар қала тыныс-тіршілігінің барлық мәселелері бойынша жүгінеді.
Әкімдікке ведомстволық бағынысты 752 ұйымның (аудандық әкімдіктер, коммуналдық және авариялық қызметтер, лифт шаруашылықтары, мемлекеттік медициналық мекемелер) барлық байланыс орталықтары 1-0-9 қысқа нөміріне бірікті. Сонымен қатар өтініш берудің балама тәсілдері пайда болды: Whatsapp iKOMEK109: +7-747-109-0-109, әкімдіктің ресми сайты www.astana.gov.kz, Telegram-дағы чат-бот: https://t.me/astanaikomek109_bot, Smart Astana мобильді қосымшасы (AppStore/PlayMarket), iKOMEK109 мобильді қосымшасы (AppStore/PlayMarket) және 109@ikomekastana.kz электронды мекенжайы.
iKOMEK109 орталығының баспасөз хатшысы – Махаббат Рахимова
Телефон: +77024391388 E-mail: m.rakhimova@ikomekastana.kz