2019 ж 1 наурызы мен 30 сәуірі аралығында Бельгия, Канада, Франция, Марокко және Швейцария елдерінің елшіліктері бірігіп, #Frankofonı Naýryzy – 2019» атты мәдени іс-шаралар маусымын ұйымдастырады. Осыған орай, Орталық коммуникациялар қызметінде франкофонды елдер елшілерінің қатысуымен франкофония мерекесіне және #Frankofonı Naýryzy – 2019» маусымына арналған баспасөз мәслихаты өткізілді.
Франкофония – 5 құрлықтағы 80 мемлекеттің, 300 миллионнан астам француз тілді адамдардың басын біріктіретін гео-мәдени кеңістік. Жыл сайын әлем бойынша Халықаралық франкофония күні 20 наурыз күні тойланады. Қазақстандағы Наурыз мейрамын тойлау осы күнге сәйкес келетіндіктен, аталмыш маусымның #Frankofonı Naýryzy деп аталуы орынды.
Франкофония және #FrankofonıNaýryzy 2019 маусымына қолдау білдірген Қазақстанның танымал тұлғаларының қатарында жазушы Олжас Сүлейменов, актриса, 71-ші Канн халықаралық кинофестивалінде «Ең үздік әйел рөлі» номинациясының лауреты Самал Еслямова және еліміздің блог саласының жарқын өкілі Айна Исаева (Aina Says).
Мәдени маусым аясында барша Қазақстандықтарға франкофония елдерінің бай мәдениетімен және француз тілімен жақынырақ таныстыратын қызықты әрі жарқын мәдени іс-шаралар бағдарламасы ұсынылады:
• Мәдени шаралардың бастамасы ретінде, яғни 1 наурыздан бастап, Қазақстанның 6 қаласында Француз тілді фильмдер фестивалі аясында Бельгия, Канада, Франция, Марокко және Швейцария елдерінің кино туындылары көрермен назарына ұсынылатын болады; • 6 наурызда Астана қаласының франкофон әйелдері клубы #FrankofonıNaýryzy маусымын қолдаушылардың бірі болып саналатын актриса Самал Еслямованың қатысуымен «Әйел және ғылым» тақырыбын талқылайды. • 19 наурызда Қазақстанның барлық Француз Альянстарында елшілер диктанты өткізіледі; • 22 сәуірде Алматы қаласында Бельгиялық автор Пейоның «Смурфиктер» атты комикстер көрмесі ашылады.Мұнда жас буын өкілдеріне алуан түрлі ойын-сауықтар ұсынылады. • Барша қазақстандықтар үшін дәстүрге айналған 11-ші Ұлттық франкофон ән байқауы. Шара еліміздің 6 қаласында өткізіліп, ақтық кезеңі 27-наурыз күні Алматы қаласында өткізіледі; • 10 сәуірде салтанатты түрде Эрик Ваззолердің «Ойрандалған балалық шақ» атты фотосуреттер көрмесі ашылады. Көрменің басты сюжеті Семей қаласының жастарына арналады.
Барлық мәдени іс-шаралар туралы толық ақпаратты Қазақстандағы француз мәдени желісінің ресми сайтынан немесе әлеуметтік желілердегі парақшалардан табуға болады: http://www.culturefrance.kz/.
Біз француз тілі мен оның алуан түрлі мәдениетінің Қазақстанда таралуына ат салысқан сенімді серіктестерімізге өз алғысымызды білдіреміз: Орталық коммуникациялар қызметі, Chaplin Cinema және CINEMAX кинотеатрлары, Meloman, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры, Қарағанды қ. «Мұрагер» мектебі, Алматы қ. №25 және Астана қ. №67 мектептері, Шымкент қаласының әкімдігі, Алматы қаласының әкімдігі, КАЗГЮУ және Абай атындағы ҚазҰПУ университеттері, We project, The Shoreditch және Mega Alma-Ata орталығы.
Қосымша ақпарат үшін:
Раушан ХАТРАН raushan.khatran@diplomatie.gouv.fr /пресс-атташе Тел : +7 7172 795 128 Динара НУРКЕНОВА dinara.nurkenova@diplomatie.gouv.fr / жобалар және коммуникация бойынша ассистент Тел : +7 7172 795 119