Оның мәліметінше, орташа айлық 21,2%-ға өсіп, 290 мың теңгеге жетті.

«Өнеркәсіп көлемі 2 трлн теңгеден асты. Айтарлықтай өсім өңдеу өнеркәсібіне тиесілі –16,1%. Оның ішінде, машина жасау өндірісі (33,9%), тамақ өнімдерін (10,5%) және сусын өндірісін (5,5%) ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді. Машина жасауда жеңіл автокөлік модельдерінің түрі көбейді. Республикада өндірілген барлық автокөліктің 61% Қостанай облысына тиесілі», – деп атап көрсетті спикер.

Жыл басынан бері 75 мың автомобиль жиналды. 

Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей, өңір алдында «елдің берік өнеркәсібін құру міндеті тұр». Сондықтан өңдеу секторының жедел дамуына басты назар аударылуда. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасы жаңа индустриялық және инновациялық жобаларды іске асыру есебінен орындалатын болады. Мысалы, «СарыарқаАвтоПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 400 жұмыс орнын аша отырып, құны 23,0 млрд.теңгеден асатын қуаттылығы жылына 30 мың бірлік «Chevrolet Оnix» автомобильдерін шағын тораптық өндіру бойынша жобаны іске асыруда. Тиімділігі: өндіріс көлемінің 20%-ке  артуы», – деді Қ. Ақсақалов. 

Үстіміздегі жылы индустриялық аймақтың аумағында 2 жобаны іске қосу жоспарлануда: тракторларға арналған кабиналар өндірісі (құны 8,3 млрд. теңге, 100 жұмыс орны), коммуналдық техниканың шанақтарын, қондырғыларын өндіру (құны 3,2 млрд.теңге, 180 жұмыс орны). Саланың дамуы жаңа жобаларды іске асырумен сипатталады.

«Мәселен, ағымдағы жылдың 11 қарашасында «KIA» жаңа зауытының құрылысы басталды. Инвестиция көлемі 90 млрд. теңгені құрайды, қуаты жылына 70 мың көлік, 1,5 мың жұмыс орны ашылады. Айта кету керек, KIA компаниясы алғаш рет Корея Республикасынан тыс жерде бірлескен кәсіпорын мен зауыт салуға тікелей инвестиция салуда. Алғашқы автомобиль 2025 жылдың жазында конвейерден шығатын болады», – деп мәлім етті жоспарлармен бөліскен аймақ басшысы. 

Сондай-ақ, құны 13 млрд теңге автокомпоненттерді шығаратын жергіліктендіру орталығының құрылысы басталмақ. 

Сонымен бірге, өңірде ыстық брикеттелген темір өндіретін зауыт салу жобасын әзірлеу көзделген. «Құрғақ порт» көліктік-логистикалық кешенін салу, тау-кен байыту комбинаты мен болат балқыту зауытының құрылыстары жоспарланған.