Өңір жаңалықтары
18 қарашаКөкшетауда жылына 60 млн дана кірпіш шығаратын зауыт салынуда
Кәсіпорынды 2027 жылы іске қосу жоспарланған. Жоба аясында 200 тұрақты жұмыс орнын ашу көзделген. Бұл бастама өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтып, құрылыс саласын отандық материалдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Ақмола облысының әкімдігі.
18 қарашаТүркістан облысында қуаттылығы жылына 150 мың тонна жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылды
Түркістан облысының Шардара ауданында «Қазкрахмал» ЖШС жүгеріні терең өңдеу зауыты жұмысын бастады. Жаңа кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 150 мың тонна шикізат. 500 жұмыс орны құрылған. Зауыт іс жүзінде қалдықсыз өндірісті қамтамасыз ететін заманауи құралдармен жабдықталған: жүгеріні өңдеу тереңдігі 98%-ға жетеді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
18 қарашаШымкентте Мәдениет және өнер ұлттық университеті ашылады
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкентте Мәдениет және өнер ұлттық университеті құрылады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов тиісті Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
18 қарашаСҚО-да 102 мың шаршы метрді құрайтын ірі логистикалық орталық салу жоспарлануда
Петропавл қаласында KYZYLZHAR HUB халықаралық көлік-логистикалық кешенінің құрылысына 29 млрд теңгеден астам инвестиция салу жоспарлануда. Жоба аясында тауарларды сақтау, өңдеу және таратуға арналған заманауи инфрақұрылым, оның ішінде Ozon және Alibaba сияқты ірі электрондық сауда алаңдарының тауарларымен жұмыс істеуге арналған нысандар құру көзделген, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі.
18 қарашаАстанада KAZTRAFFIC-2026 халықаралық көрмесі ашылды
Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында XXII «Kaztraffic-2026» халықаралық мамандандырылған көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға ҚР Көлік министрлігінің өкілдері, сала ұйымдары мен халықаралық кәсіби қауымдастық мүшелері қатысты, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
17 қарашаCreative Aimaq: 1000 креатор, 85 мың келуші және 200 млн теңгелік сауда
Қазақстанның 18 өңіріндегі шығармашылық кәсіпкерлердің басын қосқан Creative Aimaq республикалық жобасы қорытындыланды. 13 маусым мен 1 қараша аралығында жоба аясында өткен өңірлік жәрмеңкелерге 1000 креатор қатысты. Жәрмеңкелерге 85 мың адам келіп, жалпы 200 млн теңгенің өнімі сатылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
17 қарашаБиыл 45,5 мыңнан астам адамның ауыз сумен қамтылуын жақсартуға бағытталған жобалар жүзеге асырылды
Биыл ауылдық елді мекендердің ауыз сумен қамтылуын жақсарту мақсатында топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша бірқатар жоба аяқталды. Жұмыстар Ақтөбе, Ақмола және Қызылорда облыстарындағы халқының жалпы саны 45,5 мыңнан асатын 14 ауылды қамтыды, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
17 қараша1,3 млн гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды
Қазақстанда пайдаланылмай жатқан, сондай-ақ заңнама талаптары сақталмай игеріліп жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау және мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасуда. Биылғы жылдың басынан бері Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелері мыңнан астам жоспардан тыс тексеру жүргізді, ол 1 млн гектардан астам аумақты қамтыды. Нәтижесінде 1,3 млн гектар ауыл шаруашылығы алқабы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
12 қарашаСолтүстік Арал теңізі бассейнінде 2,2 мың шақырым канал қалпына келтіріліп, 1,4 мың шақырым суару жүйесі автоматтандырылады
Түркістан және Қызылорда облыстарында «Солтүстік Арал теңізі және ирригациялық жүйелерді жаңғырту» жобасын іске асыруды бастау бойынша жұмыс жүргізілуде. 1-кезең аясында 131 жобадан тұратын пул қалыптастырылды. Жоба Үкіметтің Үйлестіру кеңесінің отырысында мақұлданды. Жобаны іске асыру мерзімі – 2027–2030 жылдар.
12 қарашаПетропавлда жаңа медициналық жедел жәрдем стансасын салуға 5,9 млрд теңге бөлінді
Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасының жаңа ғимараты салынады. Бұл мақсатқа Инфрақұрылымды дамыту қорынан 5,9 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде медициналық жабдықтар сатып алуға шамамен 800 млн теңге қарастырылған. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген өңірлерде денсаулық сақтау нысандарын салу және жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Primeminister.kz.
12 қарашаАШМ оқушыларға ерте кәсіптік бағдар беру мақсатында агросыныптар желісін кеңейтуде
Ауыл шаруашылығы министрлігі аграрлық кәсіпорындармен және білім беру ұйымдарымен бірлесіп, оқушыларға ерте кәсіптік бағдар беру және олардың заманауи ауыл шаруашылығына қызығушылығын арттыру мақсатында агросыныптар желісін дамытып келеді.
12 қарашаЭнергомин Қарашығанақ газ өңдеу зауыты жобасының іске асуын үйлестіруде
ҚР Энергетика министрлігінде жылына 5 млрд текше метрге дейін газ өңдеу қуаттылығы бар Қарашығанақ газ өңдеу зауытын салу жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.